Швед Арктикасында сирек кездесетін металдардың ең үлкен кен орны табылды

641

LKAB тау-кен өндіру компаниясы кен орнын зерттеуге қомақты қаражат сала бастады, бұл процесс бірнеше жылға созылуы мүмкін. 

Швед Арктикасында сирек кездесетін металдардың ең үлкен кен орны табылды Фото: depositphotos.com

Швед тау-кен өндіру компаниясы LKAB Арктикадан сирек кездесетін металдардың ең үлкен кен орнын тапты. Бұл туралы оның ресми сайтында хабарланды, деп жазады Inbusiness.kz Lenta.ru сайтына сілтеме жасай отырып.

Сирек жер металдары, 17 элемент, электромобильдер өндірісінде және басқа да жоғары технологиялық салаларда сұранысқа ие. Қазіргі уақытта оларды өндірудің абсолютті көшбасшысы - Қытай. Еуропада бұл шикізат өндірілмейді, дегенмен оған сұраныс артып келеді және Еуропалық комиссияның бағалауы бойынша 2030 жылға қарай 5 есе ұлғаяды.

"Бұл бізге белгілі ең үлкен кен орны, ол біз үшін өте маңызды шикізатты өндіруде маңызды нысан бола алады", — деді LKAB президенті Ян Мострем.

Ол компания кен орнын зерттеуге қомақты қаражат сала бастағанын, бұл процесс бірнеше жылға созылуы мүмкін екенін атап өтті.

Швецияның вице-премьері және энергетика министрі Эбба Буш дәл осы кеніштерден Еуропалық Одақты электрлендіру, өзін-өзі қамтамасыз етуге көшу және Ресей мен Қытайдан тәуелсіздікке қол жеткізу басталады деп қосты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу