Швед палеогенетигі Сванте Пяэбо физиология және медицина бойынша Нобель сыйлығының лауреаты атанды, деп хабарлайды inbusiness.kz.
Нобель комитеті оған "жойылып кеткен гомининдердің геномдары мен адам эволюциясы саласындағы жаңалықтары үшін берді.
Ғалым неандертальдық адамның ДНҚ тізбегін дәлелдеген. Сонымен қатар Алтайдағы Денисов үңгіріндегі қазбаның бұрын беймәлім гоминид түріне жататынын дәлелдеп, денисовтық адам туралы жаңалық ашқан.
Сондай-ақ ғалым неандертальдықтар мен денисовандықтар гендері қазіргі адамдарға берілгенін дәлелдеді. Бұл шамамен 70 мың жыл бұрын, Homo sapiens Африкадан қоныс аударғаннан кейін болды. Бұл ежелгі гендер бүгінгі күні адам денсаулығы үшін маңызды, өйткені олар басқа нәрселермен қатар иммундық жүйеміздің инфекцияларға қалай әрекет ететініне әсер етеді.
Айта кетсек, осы аптада физика, химия, әдебиет сыйлықтарының лауреаттары белгілі болады.