Швед соты Статиге қарсы істе Қазақстан тарапының пайдасына шешім шығарды

513

Швед соттарында істі қарау 2018 жылдан бастап жалғасты.  

Швед соты Статиге қарсы істе Қазақстан тарапының пайдасына шешім шығарды

Свеаландтың апелляциялық соты Анатол және Габриел Статиге қарсы іс бойынша Қазақстан тарапы – Қазақстан Ұлттық Банкінің және Әділет министрлігі атынан Қазақстан Республикасының пайдасына шешім қабылдады, деп хабарлайды ҚР Ұлттық Банкінің баспасөз қызметі.

Сотқа едәуір дәлелдемелер мен дәлелдер, оның ішінде Ұлттық Банк төрағасының орынбасары Әлия Молдабекованың куәгерлік айғақтары, сондай-ақ Англия, Швед және Қазақстан құқығы бойынша сарапшылардың қорытындылары ұсынылды. Процеске қатысу үшін "Frank Advokatbyra" әйгілі заң фирмасы тартылды. Процесс барысында Қазақстан Ұлттық Банкі Стати дәлелдерінің негізсіздігін дәлелдеді және активтер БҰҰ 2004 жылғы 2 желтоқсандағы Конвенциясында бекітілген халықаралық құқық қағидаттарына сәйкес абсолютті иммунитетпен қорғалғанын растады. Бұдан басқа, Швед соты Статиді Ұлттық Банкке және Қазақстан Республикасына толық көлемде сот шығыстарын өтеуге міндеттеді. Мұндай шешімдер Скандинавия мемлекетінің сот практикасында өте сирек шығарылатын болып есептеледі. Швед сотының шешімі Ұлттық қордың активтерінен 83 млн долларға жуық сомада тыйымды алып тастауға мүмкіндік береді және Статидің Қазақстан Республикасына қарсы алқалық шешімді орындатуға әкелу мүмкіндіктерімен байланысты ұзаққа созылған сотта істі қарау жүйесіндегі маңызды бөлім болып табылады.

Бұдан бұрын Англия соты Стати тарапынан алқалық шешімді алу кезінде алаяқтық белгілерін анықтады. Бұған қарамастан, Стати 2017 жылы Ұлттық қордың активтеріне тыйым салуға қол жеткізген. 2020 жылғы 22 сәуірде Англияның Жоғары соты Статидің дәлелдерін жоққа шығарып және Ұлттық Банктің BNYM кастодианында Ұлттық Банк алдында ғана Ұлттық қор активтеріне қатысты міндеттемелері бар екендігі туралы дәлелдерімен келісіп, Қазақстан тарапының пайдасына да шешім шығарғанын еске саламыз. Ұлттық Банк шетелдік юрисдикцияларда өз құқықтары мен мүдделерін қорғауды жалғастыруда және Статиден келтірілген зиянды өтетуге қол жеткізуге ниетті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу