Швейцария тұрғындары референдумда климатты қорғау туралы заңға дауыс берді. Ол 2050 жылға қарай көміртегі бейтараптығына көшуді қамтиды. Ол үшін мұнай мен газ жаңартылатын энергия көздерімен алмастырылады деп болжануда.
Швейцария 2050 жылға қарай көміртекті бейтарап болады. Референдумда климатты қорғау туралы жаңа заңды ел тұрғындарының 60%-ы қолдады, деп жазады Inbusiness.kz Euronews-ке сілтеме жасап.
Швейцария мұнай мен газ импортына тәуелділікті азайтып, оларды жаңартылатын энергиямен алмастырады және алдағы он жыл ішінде жел және күн электр станцияларына 2 миллиард швейцариялық франк — шамамен 2,2 миллиард доллар жұмсайды.
Референдумды Климаттық заң энергия бағасының өсуіне себеп болады деп сендіруге тырысқан, елдегі ең ірі консервативті Швейцария халық партиясы (SVP) талап етті, бірақ дауыс беру нәтижесі оның пайдасына болған жоқ.
Климат мәселесі әсіресе Швейцарияда өткір тұр, өйткені мұздықтар жылдам ери бастады: өткен жылы ғана олар көлемінің 6%-дан астамын жоғалтты. Көмірқышқыл газының шығарындыларын азайту осы процесті бәсеңдетуге көмектеседі дейді ғалымдар.