Швейцария банкінде тығулы жатқан" миллиондар" табылды

620

Швейцария банкінде тығулы жатқан" миллиондар" табылды

Қазақстан Республикасы бас прокуратурасы қылмыстық жолмен алынған және елден тысқары жерге заңсыз шығарылған мүлікті қайтару бойынша жұмыс нәтижесінде "RothschildBankZurich" Швейцария банкінен 1,3 миллионнан астам АҚШ доллары көлеміндегі "тыйым салынған" ақшалай қаражатты анықтады, деп хабарлайды бас прокуратураның баспасөз қызметі.

Белгілі болғандай, қаржы М. Абдралиевке тиесілі, ол 2012 жылдан бастап халықаралық іздестірілуде. М. Абдралиев "Қорғас ісі" бойынша қылмыстық қауымдастықтың мүшелері Т. Жақаевқа, И. Әбдірахмановқа және Б. Құрманалиевке шетелде ақшалай қаражатты заңдастыруға көмектескені үшін күдікті.

Осыған байланысты, прокурор сотқа Швейцариядағы банктен ақшалай қаражатты тәркілеу туралы өтінішхат  жолдады.

Биылғы жылдың 29 наурызында Алматы қаласының Алмалы аудандық соты прокурордың өтінішхатын қанағаттандырды.

Одан басқа, аталған қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында "ТАТ Кредит" ЖШС-ның кеңсесін тінту кезінде М. Абдралиевке тиесілі 762 мың АҚШ доллары және 915 мың теңге алынды.

Прокуратура ақшалай қаражатты тәркілеу үшін сотқа тиісті өтінішхат жолдады.

Нәтижесінде прокуратура органдарының бастамасы бойынша  2,1 млн астам АҚШ доллары мемлекеттің пайдасына тәркіленді.

Атап өту қажет, қылмыстық-процестік заңнамаға өзгерістердің енгізілуіне байланысты биылдан бастап үкім шыққанға дейін заңсыз жолмен алынған мүлік тәркілеуге жатады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу