Бұл туралы Федералды кеңестің (Швейцария үкіметі) бүгін жарияланған мәлімдемесінде айтылған, деп хабарлайды Inbusiness.kz.
"Жаңа ресейлік жол жүру құжаттары енді виза алуға немесе Шенген аймағының сыртқы шекараларын кесіп өтуге мүмкіндік бермейді. Бұл туралы ЕО 2022 жылдың 8 желтоқсанында шешім қабылдады. Ал Федералды кеңес өз шешімін 2023 жылдың 11 қаңтарында өткен отырысында шығарды", - делінген хабарламада.
"Еуропалық комиссия нақты берілген күннен кейін қандай жол жүру құжаттары қабылданбайтынын анықтайды. Тек осы күнге дейін Ресей азаматтары болған жол жүру құжаттарының иелеріне, сондай-ақ олардың ұрпақтарына, кәмелетке толмағандарға немесе қабілетсіз адамдар ерекше қарастырылуы мүмкін", - делінген құжатта.
Өткен жылдың қыркүйегінде Швейцария Ресей құрамына төрт жаңа аймақтың кіруін мойындамағанын мәлімдегенін еске саламыз.