Швейцария Хартумдағы елшілігін жабады

637

Шешім қауіпсіздік мәселелеріне байланысты қабылданды. 

Швейцария Хартумдағы елшілігін жабады Фото: cdnuploads.aa.com.tr

Швейцария Суданда 15 сәуірден бері жалғасып келе жатқан қақтығысқа байланысты өзінің осы елдегі елшілігін жабатын болды, деп жазады inbusiness.kz.

"Қауіпсіздік мақсатында Судан астанасындағы елшілікті жабамыз. Дипломатиялық миссия қызметкерлері мен олардың отбасылары эвакуацияланды және қауіпсіз жерге орналастырылды. Бұл біздің серіктестермен, әсіресе Франциямен ынтымақтастықтың арқасында мүмкін болды. Қолдау үшін рахмет", - делінген Швейцария СІМ-нің Twitter парақшасында.

Швейцария СІМ Судандағы шиеленіс пен құрбан болғандар санының артуына байланысты қатты алаңдаушылық білдіреді.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша, қақтығыс салдарынан 413 адам қаза тауып, тағы 3551 адам зардап шекті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу