Швейцария Pfizer-ден $7,1 млрд препарат сатып алды — рекордтық мәмле

356

Швейцариялық өндіруші препаратты өндіру мен коммерцияландыру құқығына ие болмақ. 

Швейцария Pfizer-ден $7,1 млрд препарат сатып алды — рекордтық мәмле Фото: Inbusiness.kz

Швейцариялық Roche Telavant жобасының иелерімен — Roivant Holdings және Pfizer Inc компанияларымен келісімді аяқтады. Келісім аясында шведтер, Reuters агенттігінің хабарлауынша, асқазан-ішек ауруларына қарсы препаратты 7,1 миллиард долларға сатып алады, деп жазады Inbusiness.kz.

Мәміленің үлкен сомасы бүкіл фармацевтикалық нарықта талқыға түскен, үлкен жаңалық болды. Roche қызығушылық танытқан дәрі ішектің қабыну ауруларын емдеу мақсатында жасалған.

Нарық сарапшылары жаңа актив сатып алу арқылы Roche ескі бизнес-схеманы жаңартуға тырысады деп санайды.

Компания біраз жылдар бойы көбінесе онкологияны емдеуге арналған дәрі-дәрмектерге жасаумен айналысып келді. АҚШ пен Жапонияда жаңа препарат RVT-3101 деп аталады. Мәмілені жабу арқылы швейцариялық өндіруші препаратты өндіру мен коммерцияландыру құқығына ие болады.

RVT-3101 әзірге нарықта эксперименттік дәрі ретінде ғана белгілі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу