Швейцария президенті Путинмен қол алыспады

1394

Пармелен келіссөздер алдында Путин мен Байденге диалогтың сәтті өтуін тіледі.  

Швейцария президенті Путинмен қол алыспады

Швейцария президенті Ги Пармелен Женевада саммит өткізу үшін келген Ресей президенті Владимир Путин мен АҚШ президенті Джо Байдені қарсы алды, деп хабарлайды Inbusiness.kz. Бірақ Ресей басшысы келген бойда Пармелен онымен ғимарат алдында қол алыспай, есік алдына келгенде ғана амандасты. Екі мемлекет басшысының ыңсайсыз сәті түсірілген видео желіде жарияланды.

Пармелен келіссөздер алдында Путин мен Байденге диалогтың сәтті өтуін тіледі.

"Құрметті президенттер, сіздерге елдеріңіздің және бүкіл әлемнің игілігі үшін жемісті диалог орнатуды тілеймін", – деді Пармелен.

Бұған дейін, Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанның кеңесшілерінің бірі Исмаил Сесур түрік көшбасшысы мен АҚШ президенті Джо Байденнің Брюссельдегі НАТО саммиті аясында түсірілген фотоны жариялағаны үшін британиялық Financial Times газетін сынға алды. France-Presse және Reuters агенттіктері жариялаған  фотода Ердоғанның Байденмен амандасу үшін орнынан тұрып, жұдырықпен амандаспақшы болған сәті түсірілген. Ресми Анкараның ашуын Ердоғанның маскасыз түскен суретінің жариялануы емес, батыстық БАҚ өкілдерінің түрік көшбасшысының өте ыңғайсыз кейіпте тұрған суретін желілер мен басылымдарда таратуы келтірді. Артынан суретті жариялаған Reuters агенттігі бұл суреттің түсінбеушілікке әкеліп соққанын айтып, ол жерде Ердоған Ақ үйдің басшысымен амандасу үшін орындықтан тұрып жатыр деп ағынан жарылған болатын.

16 маусымда Женевада өтіп жатқан саммит –  Байденнің билікке келгелі Путинмен алғаш рет бетпе-бет кездесуі. Путиннің Женеваға жасайтын бұл сапары Ресей президентінің 2020 жылдың қаңтарынан бергі алғашқы шетелдік сапары болмақ.Кездесу шамамен 5 сағатқа созылады. Келіссөздерден кейін көшбасшылар бөлек баспасөз мәслихатын өткізеді.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу