Швейцария Ресейге қарсы оныншы санкциялар пакетіне қосылды

477

Бұған дейін мемлекет бейтарап позиция ұстанған. 

Швейцария Ресейге қарсы оныншы санкциялар пакетіне қосылды Фото: Москва 24

Швейцария билігі Ресейге қарсы оныншы санкциялар пакетіне қосылды. Швейцария Федералды кеңесінің шектеулері 29-шы наурыздан бастап мәскеу уақытымен 21:00-де күшіне енді. Ел үкіметінің сайтында жарияланған хабарламаға сәйкес, Ресей азаматтарына Швейцарияның жауапты ведомстволарында басқарушы қызмет атқаруға тыйым салынды, сондай-ақ кей тауарларға қатысты бақылау күшейді.

Сөйте тұра, Швейцария өз мүддесі үшін қажет болған жағдайда санкцияға ілінген жеке немесе заңды тұлғаларға активтері мен экономикалық ресурстарын пайдалануға мүмкіндік берді. Мұндай тәжірибе әлі ешбір елде енгізілмеген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу