Украинаны соғыстан кейінгі қалпына келтіруді қаржыландыру үшін заңды түрде сатып алынған ресейліктердің жеке активтерін тәркілеу Швейцария заңнамасына қайшы келеді. Мұндай мәлімдемені Швейцария үкіметі федералды Әділет министрлігінің басшылығымен жұмыс істейтін ішкі жұмыс тобының осы тақырыптағы аналитикалық есебін зерделей келе жасады, деп хабарлайды inbusiness.kz.
Украинаға басып кіру арқылы Ресей халықаралық құқықты бұзды және ол келтірген залалдың орнын толтыруға міндетті. Алайда, заңды жеке активтерді өтемақысыз экспроприациялау Швейцария Конституциясын, оның қолданыстағы заңнамасын, сондай-ақ елдің халықаралық міндеттемелерін бұзады, делінген Берндегі Үкіметтің мәлімдемесінде. Сондай-ақ, басқа мемлекеттерде де осындай конституциялық құқықтар мен кепілдіктер бар екендігі көрсетілген.