Швейцарияда 7,5 млрд франк болатын ресейлік активтер бұғатталды

689

Сонымен қатар 6 швейцариялық кантонда 15 жылжымайтын мүлік те бұғатталған болатын. 

Швейцарияда 7,5 млрд франк болатын ресейлік активтер бұғатталды Фото: mind.ua/ru

Швейцария Ресейдің 7,5 млрд швейцариялық франк болатын (шамамен 7,95 млрд доллар) активтерін бұғаттады, деп жазады inbusiness.kz  Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.

Бұл туралы бейсенбіде Швейцария экономикасы жөніндегі Мемлекеттік хатшылығы (SECO) хабарлады.

"2022 жылғы 3 шілдедегі жағдай бойынша Ресей азаматтарының немесе экономиканың мемлекеттік хатшылығында жарияланған жеке және заңды тұлғалар салымдарының мөлшері 46,1 млрд франкті құрады. Осы жылғы 25 қарашадағы жағдай бойынша Швейцарияда бұғатталған активтер сомасы 7,5 миллиард франкке жетті", - деп атап өтті Мемлекеттік хатшылық.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу