Швейцарияда Абай мен әл-Фарабидің мерейтойларына арналған маркалар шығарылды

1277

Елшілік шығарылған пошта маркаларын күнделікті іскерлік хат алмасуда қолданады.

Швейцарияда Абай мен әл-Фарабидің мерейтойларына арналған маркалар шығарылды

Қазақстанның Швейцариядағы Елшілігі қазақтың ұлы ақыны Абайдың 175 жылдығына және түркі философы Əбу Насыр əл-Фарабидің 1150 жылдығына арналған мерейтойлық почта маркаларын шығару туралы бастама көтерді, деп хабарлайды СІМ баспасөз қызметі.

Елшілік шығарылған пошта маркаларын күнделікті іскерлік хат алмасуда қолданады.

Айта кетсек, Швейцарияның поштасы мен пошта маркалары – елдің басты брендтерінің бірі. SwissPost маркалары коллекционер мен туристер арасында өте танымал. Ал бұл компанияның хат айналымы жылына 2 млрд хатқа дейін жетеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу