Швейцарияда бетті тұмшалайтын киім киюге тыйым салынды

370

Заң бұзатындар айыппұл арқалайтын болады. 

Швейцарияда бетті тұмшалайтын киім киюге тыйым салынды Фото: rbc.ru

Швейцария парламенті қоғамдық орындарда бетті тұмшалайтын киім киюге тыйым салатын заң қабылдады. Бұл туралы Bloomberg хабарлады, деп жазады inbusiness.kz

Осылайша паранжа және ниқаб сияқты мұсылман әйелдер киімдеріне тыйым салынады.

“Тыйым бетті жабатын кез келген киімге қатысты болса да, науқан барысында діни бетперделерге ерекше назар аударылды. Себебі кейбір мұсылман әйелдер паранджа киюді таңдайды", - деп атап өтті Bloomberg.

Тиісті талапты бұзушыларға 1000 швейцариялық франкке дейін (шамамен 1100 доллар) айыппұл қарастырылған. Бұдан бөлек жаңа нормада ерекшеліктер те жоқ емес. Мәселен, қоғамдық орындарда адамдарға бетін тұмшалауға денсаулық пен қауіпсіздікті сақтау, сондай-ақ діни іс-шараларда рұқсат етіледі.

Айта кету керек, 2021 жылы наурызда өткен референдумда швейцариялықтардың 51,21%-ы бетті тұмшалайтын киім киюге жалпыұлттық тыйым салу бойынша дауыс берген болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу