Швейцарияда Кәрімовтың қызына айып тағылды

421

Гүлнар Кәрімоваға қылмыстық ұйымға қатысқаны, шетелдік шенеуніктерге пара бергені және ақша жымқырғаны үшін айып тағылды. 

Швейцарияда Кәрімовтың қызына айып тағылды Фото: Газета.ру

Швейцарияның Федералды прокуратурасы сотқа Өзбекстанның тұңғыш президенті Ислам Кәрімовтың үлкен қызы Гүлнәр Кәрімованың ісі бойынша жүгінді. Бұл туралы Швейцарияның қадағалау басқармасы хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.

Айыптау қорытындысына сәйкес, Кәрімова және ресейлік телекоммуникациялық компаниялардың бірінің бұрынғы басқарушы директоры Швейцария мен басқа елдерде де жұмыс істейтін қылмыстық ұйымның мүшелері болды.

Прокуратураның мәліметінше, Кәрімова бірнеше ондаған адам мен біраз компанияларды қамтитын "кеңсе" деп аталатын қылмыстық ұйымды құрып, оны кем дегенде 2001 жылдан 2013 жылға дейін  басқарды.

Өзбекстанның телекоммуникация саласында жұмыс істегісі келетін шетелдік ұйымдар Каримовамен байланысты компанияларға пара беруге мәжбүр болған. Айыптау қорытындысына сәйкес, ұйым Швейцарияда 2005 жылдан бері жұмыс істейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу