Швейцарияда шаңғымен жарысудан "Тур де Ски" көпкүндігі басталады

851

Бүгін Швейцарияның Валь-Мюстаир аймағында шаңғымен жарысудан әйгілі "Тур де Ски" көпкүндігі басталады.  

Швейцарияда шаңғымен жарысудан "Тур де Ски" көпкүндігі басталады

Биыл турнир 1-10 қаңтар аралығында Швейцария мен Италияда өтеді деп жазады Olympic.kz.  "Тур де Ски" додасы осымен 15-ші рет ұйымдастырылмақ. Биылғы бәсекені өткізу қиыға соққаны рас. Өйткені, коронавирус індеті қазіргі әлем кубогі кезеңіне де үлкен қауіп төндірді. 

Қауіпсіздікті сақтау үшін норвегиялық шаңғышылар бас тартты, сондай-ақ, екі дүркін Олимпиада чемпионы, финляндиялық Ийво Нискансен де турнирге қатыспайды. 

Ұйымдастырушылар ақпан айында Германияда өтетін әлем чемпионатына дейін спортшыларды бабында ұстау үшін қиындықтарға қарамастан жарысты өткізуді қолға алды. 

Алғашқы жарыс күнінде ерлер мен әйелдер еркін әдіспен спринт жеңімпаздарын анықтайды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу