ҚР Сыртқы істер министрлігінен мәлім еткендей, пошта маркалары Елшіліктің күнделікті хат-хабарларында, сондай-ақ кәдесый ретінде пайдаланылады.
Швейцарияда қазіргі заманғы цифрлық технологиялар мен электронды қызметтердің жоғары дамуына қарамастан, пошта-корреспонденциясы қоғам өмірінде маңызды орын алады.
Карантин кезеңінде Швейцарияда онлайн-сауданың артуына байланысты пошта қызметтерін пайдалану бірнеше есе өсті. Сыйлықтар, тауарларға тапсырыс, хаттар салынған конверттер – бүгінгі күні пошта қызметі арқылы сәлемдемелер мен конверттердің көптеген саны өтіп жатыр. "
Қазіргі уақытта біз күн сайын миллионнан астам сәлемдеме өңдейміз. Бұл Post тарихындағы абсолютті рекорд", – деп атап өтті Swiss Post баспасөз өкілі Жаклин Бюлман.
Жалпы алғанда, Швейцариядағы почта және пошта маркаларының тарихы орта ғасырлардан бастау алады және әлемнің түкпір-түкпіріндегі филателистердің назары мен қызығушылығын туғызуда.