Швейцарияда вакцинациядан кейін жүздеген адам коронавирус жұқтырды

1750

Сәуірде Швейцарияда коронавирус қарсы вакцинациядан кейін 60-тан астам адамның қайтыс болғаны хабарланған еді.

Швейцарияда вакцинациядан кейін жүздеген адам коронавирус жұқтырды Фото: reuters.com

Швейцарияда вакцинациядан кейін жүздеген адам коронавирус дертіне шалдықты, деп хабарлайды Inbusiness.kz елдің қоғамдық денсаулық сақтау федералды кеңсесіне cілтеме жасап.

Ресми дерек бойынша, 27 қаңтардан бастап вакцинаның алғашқы дозасын алған 205 адамнан вакцинациядан кейін14 күн өткен соң SARS-CoV-2 анықталды.

"2 шілдедегі мәлімет бойынша, инфекция жұқтырудың тағы 218 жағдайы тіркелді. Науқастар екінші вакцинациядан екі аптада өткен соң дертке шалдыққан", – деді Федералды кеңсенің өкілі Даниэль Берсье.

Оның айтуынша, қазір Швейцарияда тек Moderna және Pfizer/BioNTech вакциналары қолданылып жатыр.Шілде айының басына дейін 3 272 008 адамға препарат егілген.

Сәуірде Швейцарияда коронавирусқа қарсы вакцинациядан кейін 60-тан астам адамның қайтыс болғаны хабарланған еді. Қайтыс болғандардың орташа жасы – 82,олардың көпшілігінде басқа жанама аурулары болған. Алайда вакцинацияның нақты өлімге әкеліп соққаны туралы ешқандай дәлел жоқ. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу