Швейцария прокурорлары Қазақстанның ең ірі қаласының бұрынғы әкіміне қатысты ақша жылыстату бойынша қылмыстық істі тергеуді тоқтатты, деп хабарлайды Томсон Рейтерс қорының жаңалықтар қызметі.
Дереккөзі "Ұзаққа созылған аты шулы іске Алматы қаласының бұрынғы әкімі Виктор Храпунов пен оның отбасы және танымал олигархтың қатысы бар. Храпунов сот процесі жүріп жатқан кезде біраз уақыт Швейцарияда тұрды. "Прокурор жұмыстан босату туралы бұйрық шыққанын растайды, ал (іс) 14 қарашада тараптарға жеткізілді", – деді Женева прокуратурасының өкілі. Тараптар қарашаның 25 дейін аппеляциялық шағым түсіруі керек", - дейді.
"Храпунов ақша заңдастырды деген айыпты жоққа шығарып келеді. Қазақстан соты оны 2018 жылы қазан айында сырттай айыптап, сыбайлас жемқорлық үшін 17 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды. Швейцария елінің бұл шешімі Қазақстанның Храпуновпен байланысы бар олигарх ұрлады деп айыптаған жүздеген миллион долларды іздестіруіне кері әсер етуі мүмкін",– деп жазады шетелдік БАҚ.
Айта кету керек, Швейцария Президенті Ули Маурер жұма күні Қазақстан президентімен кездесуге және қарым-қатынас пен ынтымақтастық мәселелерін талқылауға Қазақстанға сапарын жоспарлап отыр.