Швейцариялық Credit Suisse банкроттыққа таяды

547

Өйткені сәрсенбі күні оның акциялары 30%ға құлдырап кетті. 

Швейцариялық Credit Suisse банкроттыққа таяды Фото: NBC News

Швейцариялық Credit Suisse елдің орталық банкі мен Европаның қаржы институтынан қолдау сұрады. Ал одан 1 күн бұрын банктің былтырғы таза шығыны 7,29 млрд франкқа жеткені белгілі болды. Бұл 2008 жылғы қаржы дағдарысынан бергі ең нашар көрсеткіш. Сондай-ақ 2021-2022 жылдары Credit Suisse Group есептерінен кемшіліктер табылған.

Соның бәрі қаржы институтының акцияларын арзандатты. Бұл жаңалықтан кейін швейцариялық банктің ең басты акционері Сауд арабиясының Ұлттық банкі оған қаржылық көмек көрсетуден бас тартқан. Айта кету керек, Credit Suisse банкі әлемнің 50 елінде жұмыс істейді, ал штатында 48 мың адам қызмет етеді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу