Швейцариялық инвесторлар Қазақстанда уылдырық фермаларын құрмақ

733

"Сaviar House & Prunier Group SA" және "Swiss Choice Holding SA" компаниялары уылдырық өнімдері мен балық етін өндіру бойынша бірқатар жобаларды құруға және қазақстандық уылдырық сапасын халықаралық зерттеулерге инвестиция құюға ниетті, деп хабарлайды inbusiness.kz "KAZAKH INVEST" сайтына сілтеме жасап.  

Швейцариялық инвесторлар Қазақстанда уылдырық фермаларын құрмақ

Бұл туралы "Swiss Choice Holding SА" компаниясының атқарушы директоры Завье Рей және "Сaviar House & Prunier Group SA" компаниясының басшысы Кристиан Рей ҚР СІМ Инвестициялар комитетінің төрағасы Ардақ Зебешев және "KAZAKH INVEST" ҰК" АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Жандос Темірғалимен кездесті.

Швейцария тарапының айтуынша, олар Қазақстанда жалпы сомасы кемінде $10 млн болатын уылдырық фермаларын құруды жоспарлап отыр, қазіргі уақытта еліміздің бірқатар өңірлеріндегі бірнеше қазақстандық әріптестермен келіссөздер жүргізілуде.

Саланы дамыту мен заманауи технологияларды енгізуден басқа, швейцариялық бизнесмендер халықаралық нарықта уылдырық дистрибуциясының жаңа арналарын іздеумен және қазақстандық мамандарды оқытумен айналысуға ниетті.

"Біздің серіктестеріміз осындай жобаларды Францияда жүргізуде. Қазақстанның балық өсіру кешендерінде жылына 50 тонна уылдырық және 500 тонна балық етін өндірүді ұйымдастыру әбден мүмкін екенін атап өткіміз келеді. Біз қазақстандық уылдырық өнеркәсібін бұрынғы даңқына қайтаруға және брендті танымал етуге ниеттіміз. Тұрақты ұзақ мерзімді бизнес пен жұмыс орындарын құру біздің жоспарымызда", – деп атап өтті "Swiss Choice Holding SA" компаниясының атқарушы директоры Завье Рей.

Өз кезегінде, ҚР СІМ Инвестиция комитетінің төрағасы Ардақ Зебешев қазақстандық тараптың жобаны табысты іске асыруға мүдделі екенін және оны іске асыру кезінде барлық жерде қолдау көрсетуге дайын екенін атап өтті.

"Жобаны іске асыру барысында сіз инвестициялық келісімшарт жасасу аясында мемлекеттен қосымша қолдау ала аласыз. Бірінші кезекте, бұл импортқа кедендік баждар мен ҚҚС-тан босату. Сонымен қатар, бірқатар салықтар бойынша жеңілдіктер, сондай-ақ мемлекеттік заттай гранттар қарастырылған", – деп атап өтті Ардақ Зебешев.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды. Жақында швейцариялық инвесторлар ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешевпен ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды және балық өсіру шаруашылығын құру бойынша жобаны іске асыру жоспарларын ауыл шаруашылығы вице-министрі Жеңіс Өсербаймен талқылады.

Жоғарыда көрсетілген құжаттарға қол қою ҚР СІМ, ҚР Швейцария Конфедерациясындағы Елшілігі және "KAZAKH INVEST" ҰК" АҚ желісі бойынша инвесторлармен егжей-тегжейлі пысықтау жүргізілді. Өткен жылдың қараша айында Швейцарияда өткен инвестициялық дөңгелек үстел аясында Мемлекет басшысының қатысуымен B2B форматында кездесулер, балық өнеркәсібі жобаларын талқылау бойынша әлеуетті инвесторлармен нақты келіссөздер ұйымдастырылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу