Кездесу барысында тараптар Маңғыстау облысында балық шаруашылығы саласындағы инвестициялық жобаны іске асыру жайын талқылады, деп жазады inbusiness.kz тілшісі.
"Swiss Choice Holding SA" компаниясы жылына жалпы қуаты 350 тонналық, оның ішінде 80 тонна бекіре еті мен уылдырық өндіретін үш балық өсіру кешенін салуды жоспарлап отыр. Инвестициялардың жалпы сомасы - 10 миллион доллар.
Өңір басшысы Н.Ноғааев қолданыстағы заңнама шеңберінде инвесторлардың барлық бастамаларын қолдауға дайын екенін атап өтті.
Швейцариялықтардың балық өндірісіне қызығушылық танытуы бекер емес. Қазақстанда балық шаруашылығын дамыту үшін су ресурстары жеткілікті. Олардың аквамәдениет саласындағы тәжірибесін ескере отырып, маңғыстаулықтар осы бағытта инвестициялар тартуға және тәжірибе алмасуға үмітті. Бұл саланы дамыту қосымша өндіріс көлемін ұлғайтуға және жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді.