Швейцариялық компания Қазақстанда жем шығара бастады

1217

Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Швейцариялық компания Қазақстанда жем шығара бастады

Швейцарияның Inoks Capital компаниясы Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешеніне 100 млн доллар инвестиция салып, жемшөп өндірісін жақын арада іске қосады, ал бау-бақша салу жобасы COVID-19 пандемиясына байланысты өзгерді. 

Inoks Capital Nabil компаниясының бас директоры және басқарма мүшесі Марк Абдул-Массихтің айтуынша, экструдталған жем шығаратын зауыттың құрылысы 97 пайызға аяқталған. Зауыттың қуаты жылына 60 мың тонна дайын өнім шығаруға жетеді. 18 млн доллар инвестиция салынған жоба "Қорғас-Шығыс қақпасы" АЭА аумағында жүзеге асырылуда. Қазіргі уақытта барлық құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталды, зауыт жуырда іске қосылады.

"Зауыт пайдалануға берілгеннен кейін бұл компания мал шаруашылығына тиімді әсер ететін, жоғары сұранысқа ие құрғақ түйіршіктелген жем шығара бастайды", - деп атап өтті баспасөз қызметі.

Сонымен қатар, Inoks Capital 1000 гектар аумақта интенсивті жеміс бағын құруды және шырын шығаратын қайта өңдеу цехын құруды жоспарлап отыр. Бұл жобаның құны 82 млн долларды құрайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу