Rey Group компаниясы бекіре және уылдырық өсіретін кешен салуды жоспарлап отыр. Кәсіпорын бастапқы кезеңде жылына 100 тонна бекіре және 10 тонна уылдырық өндірмек, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.
"Маңғыстауда балық өндірісін ұлғайту өңірді дамытудың ең маңызды аспектісі болмақ. Индустриялық балық өсіру – тоғандық және жайылымдық балық өсірумен салыстырғанда тауарлық балықты өндірудің ең тиімді әдісі. Яғни, бұл әдіс кез келген климаттық аймақта әртүрлі балық түрін өсіруге мүмкіндік береді. Біз, инвесторлар жан-жақты қолдауын сезінудеміз. Сондай-ақ, экономикалық маңызды жобаның орындалуына қызығушылық көріп отырмыз", – деді Rey Group президенті Кристиан Рей де Руддер.
Швейцариялық тараптың тәжірибесіне сүйене отырып, маңғыстаулықтар инвестиция тартуға және тәжірибе алмасуға үмітті. Аталған саланың дамуы өндіріс көлемін арттыруға, жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді.