Швейцариялықтар елдегі АЭС-терді мерзімінен бұрын жабуға қарсы дауыс берді

934

Швейцариялықтар елдегі АЭС-терді мерзімінен бұрын жабуға қарсы дауыс берді

Швейцарияда дауыс берушілер  елде өткізілген референдумда атом электрстанцияларының жұмыс істеу мерзімінің жоғарғы шегін 45 жыл деңгейінде белгілеу жөніндегі ұсыныстан бас тартты, деп жазады Би-би-си. Аталған ұсынысқа дауыс берушілердің 54%-дан астамы қарсы шыққан. Егер жасылдар партиясының ұсынысы қабылданған болса, онда  Швейцарияда жұмыс істеп тұрған бес АЭС-тің үшеуі - келер жылы, тағы біреуі - 2024 жылы және соңғысы 2029 жылы жабылуы тиіс еді. Қазір  елде өндірілетін электр энергиясының 40%-ға жуығы осы бес станцияның үлесінде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу