Швейцарияның экономикасы құлдырады

1548

Сарапшылар дағдарысқа дейінгі көрсеткіштерге оралу ұзаққа созылады деп отыр.  

Швейцарияның экономикасы құлдырады

Әлемдегі ең озық экономикалардың бірі, яғни Швейцарияның экономикасы коронавирус пандемиясы мен соған байланысты енгізілген шектеу шараларыныың кесірінен күрт құлдырады. 

Reuters.com агенттігінің дерегіне сүйенсек, елдің ЖІӨ 2020 жылдың екінші тоқсанында 7,3%-ға қысқарған. Мұндай құлдырау ондаған жылдар бұрын тіркелген болатын.

Швейцарияның экономикалық байланыс жөніндегі мемлекеттік хатшылығы көрсеткіштің мұндай қарқынмен төмендеуі соңғы мәрте 1980 жылы болғанын жариялады. Сарапшылардың айтуынша, биыл бірінші жарты жылдықта жеке тұтыну көлемі 8,1%-ға, тауар экспорты 6,5%-ға, қызмет экспорты 15,3%-ға қысқарған.

Дегенмен олар үшінші тоқсанда экономика біртіндеп қалпына келе бастайды, бірақ дағдарысқа дейінгі көрсеткіштерге жету ұзаққа созылады деп отыр.

Ескере кететін жайт, басқарушылық дамудың халықаралық институты жариялаған құжатқа сәйкес, Швейцария бәсекеге қабілеттілік рейтингісінде бірінші орында тұр. Одан кейінгі орындарға Сингапур, Дания, Нидерланд, Гонконг, Швеция, Норвегия, Канада, БАӘ, АҚШ пен Тайвань елдері жайғасқан. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу