Шыбын-шіркейге қарсы күреске 100 тоннадан астам препарат қолданылады

Павлодар өңірінде 71.5 мың гектар жайылым алқабы өңделеді.  

Шыбын-шіркейге қарсы күреске 100 тоннадан астам препарат қолданылады Фото: inbusiness.kz

Павлодар облысында қансорғыштарға қарсы күрес жұмыстарына дайындық басталып кетті. Бүгінде аумақтарды өңдеуге қажет препараттар жеткізілуде, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Шыбын-шіркей дәрнесілдерінің кең ауқымда таралуының алдын алу үшін өңдеу барысында химиялық және биологиялық препараттар пайдаланылады. Қазіргі уақытта өңірде 60 тонна препарат бар. Оған қоса, бүгін мердігерлік ұйым тағы 20 тоннасын жеткізді. Тағы 22 тоннасы 10 сәуірге дейін жеткізілуі тиіс.

Дезинсекциялық шаралар кезінде барлығы 102 тонна препарат қажет. Сондай-ақ, еурокубтар сатып алынды және әуеден өңдеу үшін қажетті техникалар дайындалды.

Қар толығымен еріген соң ғылыми сүйемелдеу тобы шыбын-шіркейлердің дернәсілдерінің фенологиялық дамуын бақылайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу