Шығанақ ауылының тұрғындары 20 жылдан бері ауыз сусыз отыр

975

Айдынның етегінде отырған ағайын мәселені облыстағы атқа мінерлер білсе де, көңіл аудармай отыр дейді.

Шығанақ ауылының тұрғындары 20 жылдан бері ауыз сусыз отыр

Жамбыл облысында тұтас бір ауыл 20 жылдан бері ауыз суға жарымай отыр. Мойынқұм ауданына қарайтын Шығанақ аулының тұрғындары тіршілік нәрін Балқаш көлінен алуға мәжбүр. Ал, қыс түссе мұзды ойып күн көреді екен?

Айналасы жайқалған жасыл желек. 20 жыл бұрынғы Шығанақты тұрғындар осылай еске алады. Өйткені, қазір тал екпек түгілі ішерге су таппай отыр мұндағы жұрт. Барлық мәселе 2000 жылдардың басында басталыпты. Барит тасын өндіретін зауыт қожайыны су сорғыны сатып алып, халықты тіршілік нәрінсіз қалдырды дейді, мұндағылар. 

"Біз қазір сусыз отырмыз. Тиіп тұрған көрші Үлкен ауылында су көпқабатты үйлерге дейін көтеріледі. Біз сол жақтан суды алып алуға мәжбүрміз. Бізде де көпқабатты үйлер бар. Егде жастағы адамдар бар. Қазіргі жағдайымыз қандай екенін түсініп тұрған шығарсыздар", - дейді Шығанақ ауылының тұрғыны Раушан Архимова.

Жергілікті билік мәселені шешуге тырысып көрген. Пойыз арқылы Шудан су алдырады екен. Оның өзі ешкімге жетпейді. Таласып-тармасып аламыз дейді, тұрғындар. Қазір ешқандай сүзгісіз Балқаш көлінен су ауылға келіп жатыр. Бірақ, оның қызығын бұлақ басындағы саусақпен санарлық үй көріп отыр.  

Жергілікті әкімдік болса, мәселені шешіп жатырмыз деп сендірді. Жаңа сорғының орнату үшін бюджеттен 310 миллион теңге бөлініпті. Тендер әлі ойнатылмаған.

"Тендер қашан ойнатылады, бірден кіріседі. Халық еме,с оған өзіміз де күш саламыз. Біздің проблема су. Суды жеткізуіміз керек", - дейді Шығанақ ауылдық округінің әкімі Таңатар Боранбайұлы.

Әкім жұмыс нақты қай уақытта басталатынын ашып айта алмады. Демек, тұрғындар биыл қыста тағы мұзды ерітіп күн көреді деген сөз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу