Шығарып салушыларға вокзалға кіруге болмайды

1038

Маусым айының алғашқы күнінен бастап пойыздар жүре бастады. 

Шығарып салушыларға вокзалға кіруге болмайды

Көліктегі Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Сәдуақас Байғабұлов Денсаулық сақтау министрлігінің әлеуметтік желідегі парақшасында көліктегі санитарлық жағдайдан жұртшылықты хабардар етті.

"Әлеуметтік ара-қашықтықты сақтау, бетперде кию, антисептиктерді пайдалану, сондай-ақ жеке гигиенаға ерекше мән беру қажет. Теміржол және автовокзалға кіре берісте дене қызуы тексеріледі және қолда билет болуы міндетті. Жолаушыларды шығарып салушыларға вокзал ғимаратына кіруге рұқсат жоқ", – деген Көліктегі бас санитар қарттар мен жүріп-тұруы қиын адамдардың пойызға дейін қалай жететінін түсіндірді.

"Қарт адамдар тәуекел тобына жатады. Сол себепті әзірше ата-анамызға жол жүруден бас тарта тұруға кеңес берейік. Жаңадан індет өршімегенін, жағдай біраз тұрақтанғанын күте тұрған жөн. Ауру жұқтыру қаупі әлі де бар. Қазір вокзалға шығарып салушыларға кіруге болмайды. Жағдайды әуе рейстеріндегідей 3-7 күн бақылай тұрамыз. Індеттің жұғуы өршіп кетпесе, санитарлық-карантиндік шараларды жеңілдетуді қайта қараймыз. Жол жүруге тура келген қарттарға, қолында баласы бар, жүкті әйелдерге тасымалдаушы компанияның өкілдері немесе азаматтық жауапкершілігі бар басқа жолаушылар көмектесуі мүмкін", – деп түсіндірді Сәдуақас Байғабұлов.

Нұржан Көшкін

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу