Шығын 1,2 млн теңге: Шымкентте пәтер ұрылары қолға түсті

107

Аталған оқиғаға қатысты тергеу жүріп жатыр. 

Шығын 1,2 млн теңге: Шымкентте пәтер ұрылары қолға түсті Фото: polisia.kz

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері пәтер ұрлықтарына қатысы бар күдіктіні ұстады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Тергеу барысында күдіктінің пәтер иелері үйде болмаған сәтті пайдаланып, тұрғын үйлерге кіріп, мүліктерді ұрлағаны анықталды. Ұрланған заттардың қатарында ақша, алтын бұйымдар, жеке заттар және өзге де бағалы заттар болған. Эпизодтардың бірінде күдікті пәтерден косметика, әшекей бұйымдар, киім-кешек пен кітаптарды алып кеткен.

Қазіргі таңда оның төрт пәтер ұрлығына қатысы бары белгілі болды. Келтірілген жалпы материалдық шығын көлемі 1,2 миллион теңгеден асады. Аталған жайт бойынша тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар күдіктінің қала аумағында жасалған өзге де осыған ұқсас жайттарға қатысы болуы мүмкін. 

Полиция азаматтарды кез келген жағдайға сақ болуға шақырады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу