ШҚО-да орман-тоғайды отағандар әлі жауапқа тартылған жоқ

700

ШҚО-да 2020 жылы қатты пайдалы қазбаларды заңсыз өндіру фактісі анықталды. Шығын – 2,7 млрд теңге. Бірақ қылмыстық іс қозғалмады. Бұл туралы Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев мәжілістің жалпы отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

ШҚО-да орман-тоғайды отағандар әлі жауапқа тартылған жоқ

Министрдің сөзіне қарағанда, қазір Мәжілісте қаралып жатқан заң қабылданса (ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды бүлдіруге қатысты), онда 100 АЕК-тен артық шығын келтіргендер қылмыстық жауаптылыққа тартылады. 

"Ұсынылып отырған түзетуде айыппұл мөлшерін көбейту, үш жылдан жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделеді", – деді Брекешев. 

Мәжілісте қаралып жатқан заң жобалары "Қазақстан Республикасының Қылмыстық және Қылмыстық-процестік кодекстеріне экологиялық құқық бұзушылықтар үшін жауаптылықты күшейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы", "Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне экологиялық бұзушылықтар үшін әкімшілік жауаптылықты күшейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" деп аталады.

Тасқын Болатұлы

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу