"Шығын көлемі 4 млрд теңгеден асады": Семейде алтын кенін ұрлағандар сотталды

259

Абай облысында алтын кені ұрлығына қатысты ірі қылмыстық іс бойынша сот үкімі жарияланды.  

"Шығын көлемі 4 млрд теңгеден асады": Семейде алтын кенін ұрлағандар сотталды Фото: sm1.kz

Семей қаласының үш тұрғыны қаржы-инвестициялық корпорацияның өндірістік нысанынан алтын құрамды кенді заңсыз иемденгені үшін кінәлі деп танылды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Сотта белгілі болғандай, айыпталушылар "Алел" қаржы-инвестициялық корпорациясына тиесілі өндірістік объектілерге заңсыз кіріп, құрамында алтыны бар кенді жүйелі түрде ұрлаған. Келтірілген материалдық шығын көлемі 4 млрд теңгеден асады.

Тергеу деректеріне сәйкес, "алтын бөлме" деп аталатын аймақтан ұрлық жасау әрекеттері 2019 жылдан бастап тұрақты түрде жүзеге асырылған.

Сонымен қатар, сотта айыпталушылар мен олардың жақын туыстары қылмыстық жолмен алынған табысты заңдастыру мақсатында қонақүй кешендері, коммерциялық нысандар, сауда үйлері, дәріханалар, пәтерлер мен автокөліктер сияқты жылжымалы және жылжымайтын мүліктерді сатып алғаны анықталды.

Семей қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының үкімімен сотталғандар 10 жылға, 6 жыл 8 айға және 5 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды.

Үкім әзірге заңды күшіне енген жоқ

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу