"Шығыс-2" жаңа алаңынан сегіз айда жеті миллион тонна көмір өндірілді

1113

"Шығыс" кенішінің жаңа алаңы 2018 жылдың 21 сәуірінде өнеркәсіптік пайдалануға енгізілген болатын. 

 "Шығыс-2" жаңа алаңынан сегіз айда жеті миллион тонна көмір өндірілді

Еуразиялық Топ (ERG) құрамындағы "Еуроазиаттық энергетикалық корпорация" АҚ "Шығыс" кенішінің кеншілері "Шығыс-2" жаңа алаңынан сегіз ай ішінде жеті миллион тонна көмір өндірді, деп хабарлайды "ЕЭК" АҚ корпоративтік байланыстар қызметі.

Еске сала кетсек, "Шығыс" кенішінде "Шығыс -2" карьер алаңын аршу" жобасының бірінші кезеңін іске асыру аясында, 2018 жылдың 21 сәуірінде өнеркәсіптік пайдалануға жаңа алаң енгізілген болатын. Бірінші деңгейдің сметалық құны – 3,9 млрд теңге. Сонымен қатар, инженерлік шешімдерді енгізу бойынша жүргізілген іс-шаралардың арқасында кеншілер құрылыс-монтаж жұмыстарынан 1 млрд теңгеден астам қаржыны үнемдеді.

"Маусым айында Екібастұз қаласының күні қарсаңында "ЕЭК" АҚ "Шығыс" кенішінің кеншілері жаңа алаңнан көмірдің алғашқы миллионыншы тоннасын өндірді. Бірақ, біздің алдымызда жыл соңына дейін жеті миллион тонна қатты отын өндіру және тұтынушыға жіберу міндеті тұрды. Біз мұны атқарып шықтық! Мұндай жетістік – кәсіби жетілудің, еңбектің сапалы ұйымдастырылуының, ұйымшылдықтың және кәсіпорын ұжымының еңбекқорлығының дәлелі, –  деді "ЕЭК" АҚ  "Шығыс" кенішінің директоры Юрий Гончаров.

Жаңа алаңды аршу және өңдеу үшін, жұмыс істеп тұрған жабдықтармен жұмыс жүргізуге мүмкіндік беретін технологиялар әзірленді. Көмір тасымалдау үшін төрт конвейер салынып, бір конвейер ұзартылды, оның жалпы ұзындығы 1 610 метрге жетті.

Жаңа учаскеде жабынды жыныстардың қалыңдығы 10-15 метр, ал кейбір жерлерде 3 метрге дейін, яғни көмір жер бетінде орналасқан. Салыстыру үшін, қолданыстағы кеніштің ең төменгі өңделетін нүктесі – "-55" белгісі жер бетінің деңгейінен 255 метр төмен орналасқан. "Шығыс-2" жобасын іске асыру жалпы кеніш бойынша аршу коэффициентін төмендетуге және көмір өндіру шығындарын азайтуға мүмкіндік береді.

2018 жылы "ЕЭК" АҚ "Шығыс" кенішінің кеншілері 17 млн тоннадан астам көмір өндіріп, оның 7 тоннасы №8 жаңа учаскеде өндірілгенін және тұтынушыға жөнелтілген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу