Шығыс Алепподан хат жолдаған бүлдіршін бейбіт аймаққа көшірілді

1009

Шығыс Алепподан хат жолдаған бүлдіршін бейбіт аймаққа көшірілді

Жеті жастағы сириялық бүлдіршін Бана әл-Әбед  қыркүйек айынан бері Твиттер әлеуметтік желісіне оқ астында қалған Шығыс Алепподағы күнделікті өмірі жайлы жазып отырған. Оған ағылшын тілінен сабақ беретін анасы Фатима көмектесіпті.
Ал бүгін шетелдік ақпараттық сайттарда баланың отбасымен бірге Алеппо қаласының Рашидин шағын ауданына көшірілгені туралы хабар тарады, деп жазады reactor.inform.kz.
Бананың қысқа нұсқа, қарапайым жазбалары жүздеген, тіпті мыңдаған адамның қызығушылығын тудырып, желіде жылдам танымал болып кетеді. Дегенмен оның аккаунтына күмәнмен қарайтындар да жеткілікті. Әсіресе, ресейліктер баланың парақшасы жалған деген пікірде.
Олар аталмыш аудан тұрғындарының электр энергиясынан ажырағанын, қолдарында ұялы телефоны жоқ тұрғындардың Твиттерге шығатындай мүмкіндігі болмағанын алға тартуда.
Bellingcat сайтының журналистері зерттеу жүргізіп, баланың суреттері Алеппоның бір жерінде түсірілгенін, сондай-ақ ұялы телефон құрылғысын күн көзінен қуат алатын автокөлік аккумуляторы арқылы қуаттағанын анықтаған.  Ал Бананың анасы кейде 3G, кейде  WiFi қолданғанын айтқан.
Ал дүйсенбі күні Түркияның Сыртқы істер министрі  Мевлют Чавушоғлы Бананың отбасымен Түркияға қабылдануы мүмкін екенін мәлімдеген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу