Шығыс Германияда ірі "Линде" химия зауыты жанып жатыр

233

Linde AG компаниясы ең ірі газ орталығын басқарады.

Шығыс Германияда ірі "Линде" химия зауыты жанып жатыр Фото: volksstimme.de

Бүгін таңертең, 26 тамызда Саксония-Анхальт жерінде "Линде" концернінің ірі химиялық зауытында өрт шықты, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Куәгерлердің айтуынша, алдымен қатты дыбыс естілді, содан кейін зауыттың үстінде қара түтін көтерілді. Қаза тапқандар немесе зардап шеккендер туралы әлі ақпарат жоқ.

Кәсіпорын сутегі, оттегі, азот, көміртегі тотығы және басқа да арнайы газдар өндірумен айналысады. Төтенше жағдайлар қызметі Лойна мен Бад Дюрренберг қаласының тұрғындарына терезелер мен есіктерін жауып, үйден шықпауға кеңес берді.

Linde AG бұрынғы Саксония-Анхальт ГДР жеріндегі ең ірі газ орталығын басқарады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу