banner

Шығыс Иерусалимде теракт жасаған лаңкестің ата-анасы ұсталды

469

Жұма күні Шығыс Иерусалимдегі Неве-Яаков ауданында синагога жанында террористік акт ұйымдастырылып, 7 адам қаза тапты. 

Шығыс Иерусалимде теракт жасаған лаңкестің ата-анасы ұсталды

Аталған мәліметтерді Израиль полициясының баспасөз қызметі жариялады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

"Иерусалимдегі террористік акт: бүгін кешкісін жергілікті уақыт бойынша сағат 20-30-дар шамасында террорист Иерусалимде Неве-Яаков бульварындағы синагогаға келіп, жақын арадағы адамдарға оқ жаудырған. Полиция бірден оқиға орнына жетіп, террористің орналасқан жерін анықтап, оған қарай оқ атты. Террорист қолға түсті", – делінген полицияның Twitter парақшасындағы хабарламада.

"Еш кінәсі жоқ 7 адам мерт болды, көптеген адам жарақат алды", – делінген хабарламада.

Осыған дейін The Jerusalem Post пен израильдің өзге де басылымдары 8 адамның қаза тапқаны туралы хабарлады.

Полиция болған оқиғаны теракт деп бағалады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу