Шығыс Қазақстанда 71 елдімекенді су басуы мүмкін

656

Су жолдарын қойғанда, көлік жүретін көшенің қарын толық тазартпаған. 

Шығыс Қазақстанда 71 елдімекенді су басуы мүмкін Фото: ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті

Шығыс Қазақстан облысында 71 елдімекенді су басу қауіпі бар. Бұған соңғы бір аптадағы ауа райы жылыну себеп болған, деп жазады inbusiness.kz тілшісі. 

Биыл өңірдегі кей жерлерде соңғы он жылда болмаған қалың қар жауып, жұртты әбден әбігерге салған болатын. Бұндай жағдай, әсіресе, Глубокое, Шемонайха, Алтай, Самар ауданы және Риддер қаласында тіркелген. Ақпан айының соңғы күндері күн райы айтарлықтай жылынып, қардың шеті сөгіле бастады. 

Қардан, судан қауіп төнбес үшін облыстық Төтенше жағдайлар қызметі су тасқынына дайындық жұмыстарын қаңтар айынан бастап кеткен. Арықтарды тазартып, су қоймаларын бақылауға алған. 

- Су тасқынының алын алу мақсатында аудандарда арнайы штаб құрылған. Сонымен қатар, аймақта осы уақытқа дейін 300 мың текше метр қар шығарылған. Халықты эвакуациялау үшін уақытша орналастыру пунктері әзірленген. Жалпы облыс аумағындағы гидрологиялық жағдай тұрақты. Үнемі бақылауымызда ұстап отырмыз, - дейді облыстық Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Арман Тоқанов.

Айта кетейік, Төтенше жағлайлар қызметі Глубокое ауданындағы тасқынға дайындық жұмыстарын тексерген болатын. Өйткені бұл өңірдегі 15 ауылды су басуы мүмкін.

Алдын алу және ескерту жұмыстарына волонтерлар да көмектесіп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу