Шығыс Қазақстанда "Аңсаған сәби" бағдарламасы бойынша екі отбасында үшем дүниеге келді

470

Ерлі-зайыптылар тоғыз жылдан кейін алғаш рет ата-ана атанды

Шығыс Қазақстанда "Аңсаған сәби" бағдарламасы бойынша екі отбасында үшем дүниеге келді Фото: gov.kz

Биыл жазда Шығыс Қазақстан облысында "Аңсаған сәби" бағдарламасы бойынша ЭКҰ арқылы екі отбасында үшем дүниеге келді.

Шемонаиха ауданынан келген ерлі-зайыптылар үш жылдан кейін алғаш рет ата-ана атанды. Бүлдіршіндердің есімі София, Виктория және Дарья. 

Қыздардың атын әкесі қойыпты. Сәбилердің әрқайсысы екі келі салмақ жинады.

Ал Өскемен қаласының тұрғыны Жансая Ахмадиева мен оның жолдасы тоғыз жылдан кейін "Аңсаған сәби" бағдарламасының арқасында алғаш рет ата-ана атанды. Ол әлеуметтік медициналық сақтандыру қорынан квотаның есебінен қымбат тұратын ЭКҰ рәсімінен тегін өтті.

Ата-аналар жаңа туған үшемдердің есімін Ералы, Ерасыл және Зере  деп қойды. 

Айта кетейік, жыл басынан бері ШҚО-да үш үшем дүниеге келді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу