Шығыс Қазақстан бұрынғы уақыт белдеуіне қайтып оралмайтын болды

230

Өңір әкімі бұл мәселеге нүкте қойды. 

Шығыс Қазақстан бұрынғы уақыт белдеуіне қайтып оралмайтын болды Фото: gov.kz

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов бұрынғы уақыт белдеуіне оралу мүмкіндігіне қатысты сұраққа жауап берді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Біз 1 жыл 8 айдан бері жаңа уақыт белдеуімен өмір сүріп жатқанымызды мойындауымыз қажет. Бұл мәселе үкімет деңгейінде қаралды. Көптеген ұйымдар мен мекемелердің жұмыс кестесі қайта белгіленді. Әлемнің түрлі қалаларында да әртүрлі жұмыс кестелері қолданылады. Бірақ ол жақта мұндай сұрақтар туындамайды", – деді аймақ басшысы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Нұрымбет Сақтағановтың ойынша, бұл мәселе енді қайта қарастырылмайды.

Айта кету керек, бұған дейін Өскеменде ауа сапасын жақсарту үшін бірқатар іс-шара әзірленгенін жазғанбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу