Шығыс Қазақстан былтыр ғана жөндеуден өткен жолдар қайта жарылып жатыр

625

Шығыс Қазақстандағы Зайсан ауданында былтыр ғана жөндеуден өткен ауыл ішінің жолдары қайта жарылып жатыр. Тұрғындардың айтуынша, жолдың жасалғанына бір жылда толмапты. 

Шығыс Қазақстан былтыр ғана жөндеуден өткен жолдар қайта жарылып жатыр Фото: Еркебұлан Зағыппаров

 

Көгедай ауылының ішкі жолдарына әкімдік өткен жылы ғана жөндеу жұмыстарын жүргізіпті. Көп ұзамай қара жол жарылып кеткен. Сапасыз жұмысты сынға алған қоғам белсендісі Еркебұлан Зағыппаров мәселені алдымен өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. 

- Тұрғындар кеше қақ айрылып жатқан, сапасы сын көтермеген жолды мәсел етіп көтерді. Меніңше, жолдың технологиясы дұрыс емес. Өйткені, сазды жерге бөлек смета жасауы керек. Мысалы Зайсан, Шілікті, Сарытерек ауылдары тастақ жерге орналасқан. Ал, Қаратал, Көгедай, Шалқар бағыттары құмды, сазды аймақ. Бұл жерге жол салу үшін тағанын бекемдеу қажет. Мердігер мен тапсырыс беруші оны ескермей, бір тахнологиямен сала салды. Бұл кемшілікті Зайсан ауданының әкімдігі де мойындап отыр, - дейді Зайсан ауданының тұрғыны Еркебұлан Зағыппаров.

Еркебұлан Зағыппаровтың айтуынша, мұның бәрі бақылаудың жоқтығанан көрінеді. 

- Бұл жолды қабылдап алған аудан әкімінің құрылысқа жауапты орынбасары мен аудандық ЖКХ бөлімі.  Осы орайда Ұлттық сапа бақылауының ШҚО филиалының мамандары сынама алып, тиісті бақылау жасауы тиіс. Қазақстанда асфальт төсеуде қыруар қаражат жұмсалатыны белгілі. Сапасы осы?! Облыс әкімінің құрылысқа жауапты орынбасарлары мәселені бақылауда ұстауы керек. Енді бұл жолды тағы да жамай салады. Ол ертең тағы жарылады, - дейді қоғам белсендісі. 

Зайсан ауданның әкімдігі кемшілікті қайта қалпына келтіретіндіктерін айтуда. 

- Сартерек ауылдық округ әкімінің тапсырысы бойынша "Зайсан ҚК" ЖШС-сы Көгедай ауылының ішкі жолдарын жөндеуге өткен жылдың 11 сәуірде келісім шарт жасасқан. Орташа жөндеу жұмыстары 2022 жылдың 8 тамызында аяқталды. Жоба бойынша жұмыстың кепілдік мерзімі 24 айды құрайды. Осыған байланысты тапсырыс беруші мердігерге ақаулықтар жою қажеттілігі жөнінде хат жолданатын болады, - дейді Зайсан ауданның әкімдігі. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу