Шығыс Қазақстан картасынан тағы сегіз ауыл жойылады

2600

Осы жолы бұл тізімге Көкпекті, Күршім және Шемонаиха аудандарының ауылдары кірді. 

Шығыс Қазақстан картасынан тағы сегіз ауыл жойылады

Шығыс Қазақстан облысының картасынан Әлеуметтік және экономикалық белсенділігі төмен тағы сегіз ауыл жойылады, деп хабарлайды Устинка LIVE.

Нақтырақ айтсақ, олардың барлығы өздерінің аттарынан айырылып, жақын маңдағы елдімекеннің құрамына қосылатын болады. Жыл сайын аудан әкімдігі ШҚО активінің алдында кейбір елдімекендерді тізімнен алып тастау туралы ұсыныспен шығады. Осы жолы бұл тізімге Көкпекті, Күршім және Шемонаиха аудандарының ауылдары кірді. Мысалы, Көкпекті ауданында 18 адам тұратын Комсомол ауылы мен үш адам тұратын Кіші Бөкен ауылы таратылады. Жергілікті әкімдіктің пікірінше ешқандай инфрақұрылым болмағандықтан аталған елді мекендердің одан әрі даму болашағы жоқ. Сондықтан да Комсомол Егінбұлақ, ал Кіші Бөкен Үкілікыз ауылының құрамына қосылады.

Ең кішкентай яғни, 50 адамнан аз халқы бар бес ауыл Күршім ауданында тіркелген. Сол себепті Алтай Ақбұлаққа, Қарабұлақ Қайнарға, Тентек Марқакөлге, Жылытау Қалғұтыға, Дінгек Күршім қаласына қосылады. Шемонаиха ауданына қарасты Садовое ауылында 22 адам тұратындықтан аталған елдімекен Октябрь ауылына қосылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу