Шығыс Қазақстан мен Абай облысында жүргізушілерге ескерту жасалды

271

 Кей жерлерде жол тайғақ болады.  

Шығыс Қазақстан мен Абай облысында жүргізушілерге ескерту жасалды Фото: smartik.ru

8 қазанда Шығыс Қазақстан және Абай облыстарында жаңбыр аралас қар, кей жерлерде қар жауады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Осыған байланысты республикалық автожолдардың жекелеген учаскелерінде көріну қашықтығы төмендеп, жол беті тайғақ болуы мүмкін.

Жүргізушілерге ауа райын ескеріп, жолдағы қауіпсіз арақашықтықты сақтап, жылдамдықты жол жағдайына қарай таңдауға кеңес берілді. Сондай-ақ оқыс маневрлерден бас тарту қажет. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу