Шығыс Қазақстан мен Қостанай облыстарының орманы өрттен зардап шекті

871

Батыс Қазақстан облысында дала өрті көп болды.

Шығыс Қазақстан мен Қостанай облыстарының орманы өрттен зардап шекті

Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин орман және дала өртіне қатысты мәлімдеме жасады. 

"Биыл ел аумағында дала өрті көп болды. Оның басым бөлігі Батыс Қазақстан облысында тіркелді", – деді министр.

Оның сөзінше, өткен жылмен салыстырғанда орман өрті 20% артқан. 

"Шығыс Қазақстан мен Қостанай облыстарының орманы өрттен зардап шекті. Орман қорының материалдық шығыны көбейді. Жағдайды жақсарту үшін орман шаруашылығы комитетімен бірлескен шараларды пысықтадық. Кемшіліктерді жою бағытында қажетті жұмыстар іске асырылатын болды. Бірінші кезекте комиеттің материалдық базасын жақсарту, сондай-ақ жедел әрекет ету мақсатында біздің бөлімшелерді жұмылдыру қажеттігі назарға алынды", – деді Юрий Ильин. 

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу