Шығыс Қазақстан мен Ресейдің Алтай өлкесін байланыстыратын жол салынады

1945

Шығыс Қазақстан мен Ресейдің Алтай өлкесін байланыстыратын жол салынады

Шығыс Қазақстан облысы мен Ресей Федерациясындағы Алтай Республикасын байланыстыратын жол құрылысы туралы мәселе талқылануда, деп хабарлайды Алтайньюс.

Бұл туралы Қазақстан Республикасының Омбы қаласындағы консулы Қонысбек Жүсіпбековтің Алтай Республикасына барған іс-сапары барысында белгілі болды. Аймақ басшысы Александр Бердниковтың айтуынша, Алтай елі шекаралас Шығыс Қазақстан облысымен серіктестік орнатып, екі аймақтың арасында сәйкес келісім жасалғаны жөнінде мәлім етті.

Сондай-ақ, ол қазіргі уақытта қазақстандық Алтай мен ресейлік Алтайды байланыстыратын жолдың құрылысы талқыланып жатқаны туралы да хабарлап отыр. Жол салынғаннан кейін қос аймақтың арасындағы сауда-экономикалық, туристік және басқа да саладағы ынтымақтастық күшейе түспек.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу