Шығыс Қазақстан облысы әкімінің апаратына жаңа басшы тағайындалды

613

Еңбек жолын мектепте мұғалім болып бастаған.

Шығыс Қазақстан облысы әкімінің апаратына жаңа басшы тағайындалды Фото: ашық дереккөз

Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы болып Ербол Нұрғалиев тағайындалды. Ол 1975 жылы Семей облысының Жарма ауданында дүниеге келген.

Еңбек жолын 1995 жылы Семей облысы Жарма ауданы мектебінде мұғалім болып бастап, кейін директордың орынбасары болып жұмыс істеді. 

2005 жылдан - Жарма ауданының ішкі саясат бөлімінің басшысы, 2009 жылы - Көкпекті ауданы әкімінің орынбасары, 2011 жылы - ШҚО ішкі саясат басқармасының басшысы. 2015 жылы - Ақтөбе облысы ішкі саясат басқармасының басшысы, 2017 жылы – Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары, 2018 жылы – АП ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі. 2019 жылы - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің төрағасы.

2022 жылғы тамыздан бастап - "Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ҒЗИ" бас директорының орынбасары болып қызмет атқарған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу