Шығыс Қазақстан облысы Астанаға субұрқақ сыйлады

1868

Шығыс Қазақстан облысы Астанаға субұрқақ сыйлады

Шығыс Қазақстан облысы Астананың туған күніне фонтан сыйлады. Бұл – елордадағы ең үлкен субұрқақ. Мерекелік сыйлықтың  ашылу рәсіміне президент Нұрсұлтан Назарбаев қатысты, деп хабарлайды altaynews.kz.

Алып субұрқақтың формасы шеңбер тәрізді. Ішкі диаметрінің өзі 73 метрді құрайды. Оның қақ ортасында орналасқан тайқазанның биіктігі 6,5 метр болса, алып жатқан аумағы 7,9 метрге тең. Су осы қазанның ішінен қайнап шығып жатқандай көрініс береді.

Фонтанның тағы бір ерекшелігі – ондағы су қоймасының көзден таса, жер астына жасырылғандығында. Тайқазаннан атқылаған су бейне бір құрдымға сіңіп жатқандай көрінеді. Бірақ олай емес. Ол алаңдағы сүзгіден өтіп, жасырын қоймаға жетеді. 

Ботаникалық бақтағы бұл фонтанның құны - 938 миллион теңге. 
Президент ерекше фонтанға оң бағасын беріп, шығысқазақстандықтарға алғыс білдірді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу