Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданындағы орман өртімен күрес жалғасуда

425

Тілсіз жаудың жалпы ауданы анықталуда, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданындағы орман өртімен күрес жалғасуда Фото: inform.kz

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, елді мекендерге ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ.

"Жетуі қиын таулы жерде шөп пен бұта өртенуде. Сол жерге өрт сөндірушілердің, орманшылардың, жергілікті атқарушы органдардың және "Қазавиаорманқорғау" мекемесінің жеке құрамынан 123 адам, 3 техника жұмылдырылған. ШҚО әкімдігінің авиация бөлімшесінің 2 тікұшағы да тартылды. Тікұшақтармен барлығы 10 рет су төгілді. Белсенді жану ошақтары жоқ. Кей жерлерде жекелеген түтіндер байқалады. Ол жерлерде де жұмыстар жүргізіліп жатыр. Өрттің таралуына жол берілген жоқ", - делінген ақпаратта.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу