Шығыс Қазақстан облысында 10 полиция қызметкеріне жаңа пәтер кілті табысталды

297

Салтанатты шарада құқық қорғаушыларға мемлекеттік марапаттар мен алғыс хаттар да берілді.  

Шығыс Қазақстан облысында 10 полиция қызметкеріне жаңа пәтер кілті табысталды Фото: gov.kz

Шығыс Қазақстан облысында құқық қорғау органдарының 10 қызметкеріне жаңа пәтер кілті берілді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жаңа қоныстанушылардың қатарында Жылдам қимылдайтын арнайы жасақ қызметкері, полиция майоры Талғат Оспанов бар. Ол қызмет барысында кәсібилігімен және қызметтік борышына адалдығымен танылған. Бұған дейін ол демалыс кезінде Алакөл көлінде суға батып бара жатқан баланы құтқарып қалған.

Полиция майорының отбасы үшін бұл күн көптен күткен қуанышты сәтке айналды.

"Бұл – біздің отбасымыз үшін үлкен қуаныш. Мұндай қолдау ертеңгі күнге деген сенімімізді арттырып, қызметтік міндетімізді бұдан да жауапкершілікпен атқаруға шабыттандырады", – дейді Талғат Оспанов.

Пәтер кілттерінің табысталуы құқық қорғау саласында қызмет ететін азаматтарға көрсетілген құрмет пен қолдаудың көрінісі ретінде атап өтілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу