Шығыс Қазақстан облысында 19 жастағы жігіт көпірден секіріп кетті

390

Оқиға 20 тамыз күні Өскемен қаласында болған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Шығыс Қазақстан облысында 19 жастағы жігіт көпірден секіріп кетті Фото: Бейнежазбадан

"Санаулы минутта қайықпен жеткен құтқарушылар көпірде полиция қызметкерлерінің суицид жасамақ болған адамды сөзге тартып, райынан қайтармақшы болып тұрғанын көрді. Кенеттен ол суға секіріп кеткен", - деп хабарлады ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті.

Құтқарушылар лезде суға құтқару шеңберін лақтырған. Алайда жігіт оған қарамаған. Содан соң құтқарушылар қайықпен жанына келіп, оны судан шығарып алды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу