Шығыс Қазақстан облысында үш ауданда өрт қаупінің ең жоғары деңгейі сақталады

240

Өрт қауіптілігінің ең жоғары 5-ші деңгейі Катонқарағай, Самар және Күршім аудандарында, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Шығыс Қазақстан облысында үш ауданда өрт қаупінің ең жоғары деңгейі сақталады Фото: inbusiness.kz

Биыл өңір бойынша жалпы ауданы 452,8 гектарды құрайтын 50 орман өрті тіркелген.

"Облыста өрттің алдын алу мақсатында орманшылар, ТЖД, полиция және жергілікті атқарушы орган қызметкерлерінің 272 адамы құрайтын 46 мобильді топ жұмыс істеуде. Уақытылы профилактикалық жұмыстардың арқасында өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзғаны үшін 55 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылған", - делінген ақпаратта.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу